Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 31 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

ОҚО-дағы 7 жасар баланы зорлау оқиғасына енді қоғам белсенділері араласты

2018 жылғы 14 наурыз 11:16 1510
Бөлісіңіз:
ОҚО-дағы 7 жасар баланы зорлау оқиғасына енді қоғам белсенділері араласты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы 7 жасар баланы зорлау оқиғасына енді қоғам белсенділері араласатын болды. Олар баланы жетекші мамандарға тексертіп, тәуелсіз сараптама жасатпақ. Бұл туралы «ДОМ» қайырымдылық қорының басшысы Аружан Сайын өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында пойыз түйені қағып кетті Пәтерінде есірткі дайындаған семейлік азамат өртке себепкер болды

«ОҚО-да Абай ауылында зорланды деген 7 жасар оқушыға қатысты жағдай қалың көпшілікті алаңдатып отыр. Сондықтан құқық қорғаушылар мен қоғам қайраткерлері бірігіп, осы оқиағаға қатысты біршама шараларды қолға алды. Айталық қоғам белсендісі Жанна Ахметова қайырымды жандардың қолдауымен оқушы мен әжесінің жол шығыны, жатар орны мен тамағына жауап береді.

Гүлзат Асанова Қазақстанның психологтар кеңесі ұжымымен бірлесіп, баланы тексереді. «ДОМ» қоғамдық қоры балаға көрсетілуі тиіс медициналық қызмет пен мемлекеттік органдармен қатынаста болу міндетін мойнына алады.

«Бұл туралыы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршыбековке ескертіп, қолдау сұрадық. Жергілікті өңірдегі мамандарға сенімсіздік туғандықтан осындай шешім қабылдап, кәсіби мамандардың көмегіне жүгінбекпіз. Тексеру нәтижесін жәбірленушінің отабсы мен мемлекеттік органдарға береміз және соған сай шешім қабылданады. Құқық қорғаушылар мен заңгерлерді, қоғам қайраткерлерін, танымал жандарды бізді қолдауға шақырамыз. Кәсіби кеңес бере алатын сарапшылар Татьяна Семеновамен +7 701 783 5303 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады. Жәбірленушінің отбасын Алматыға шақырғанда көмектесем дейтін жандар болса, тегін кеңес бере алатын заңгерлер болса, Жанна Ахметовамен хабарласа алады», делінген парақшада.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылындағы мектептің 1 сынып оқушысын өзінен 7-8 жас үлкен 4 бала 5 ай бойы зорлап келген деп айып тағылған болатын. Жәбір көрдім деген бала бұл туралы туыстарына былтыр тамыз айында айтқан екен. Содан бері жеткіншектің әжесі полицейлерге бірнеше рет арызданғанымен, тәртіп сақшылары шағымды тек қаңтар айында қабылдаған. Сөйтіп полицейлер тек екі күн бұрын ғана осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 121 бабының 4 бөлігімен іс қозғалып, тергеліп жатқанын мәлімдеді. 

Сондай-ақ тәртіп сақшылары қайта сараптамалар тағайындалып, өзге мәліметтер тергеу құпиясына байланысты жариялануға жатпайтындығынан хабар берді. Даулы мәселеге орай күні кеше еліміздің Білім және ғылым министрлігі де жауап қатқан еді. Олар 7 жасар бала оқитын мектепте комиссия құрылып, ұстаздар тарапынан да жан-жақты тексеру жұмыстарын бастап кеткенін жеткізген. Бірақ, баланың зорланғанын жоққа шығарған болатын.  

«Сараптама жасалды, оның қорытындысы бойынша, баланың зорланбағаны анықталды. Мұны облыстық білім басқармасы да растады»,- деді Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова.

Қазір аталған қылмыстық іс облыстық ішкі істер департаменті бастығының жеке бақылауына алынған. Құзырлы органдар тиісті тексеру шараларын жүргізуде.

 

 


Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат