ОҚО-да жұмыспен қамту бағдарламасының жаңа бес жылдық бағдарламасы түсіндірілуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен құрылған арнайы екі жұмыс тобы жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жаңа бағдарламаны халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» насихаттау бағытында құрылған топтар Кентау, Түркістан, Созақ, Шардара, Сарыағаш, Мақтарал, Шардара, Қазығұрт, Бәйдібек аудандары мен Шымкент қаласында болып, жаңа жобаның жай-жапсарын айтып берді.

null  

 Аталған семинар-мәжіліске аудан, қала әкімдері, жетекшілік жасайтын әкім орынбасарлары және ауыл округтерінің әкімдері, сондай-ақ, мүдделі бөлім өкілдері (білім, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімдері және қаржы институттарының филиалдары), жұмыспен қамту уәкілетті органдарының мамандары қатысты.

Семинар-мәжілісте облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Амангелдіұлы жаңа бағдарламаныміндетті түрде ауыл әкімінен бастап тиісті мемлекеттік мүдделі бөлім қызметкерлеріне дейін жетік меңгеруі тиіс екендігін айтып, алдағы уақытта ауылдық округ әкімдері, бағдарламаны іске асыруға жауапты мамандар оның жүзеге асыру тетіктері мен заңнама нормаларын қолдану барысына тестілеу жүргізілуіжоспарланғанын атап өтті.

null 

 Сонымен қатар, бірінші орынбасар бағдарламамен бекітілген индикаторлардың орындалуы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы бағаланатынын ескертіп, оның жете меңгерілуі үнемі бақылауда тұрғанын жеткізді. Осыған орай, түсіндірме жұмыстары бойынша тиісті нәтиже шығарып, іске асыру үшін жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар берді.

 Сондай-ақ, аудан, қалаларға жасаған іссапарында Д.Сатыбалды бастаған жұмыс топтары жекелеген санаттағы азаматтарға қызмет көрсететін бірқатар әлеуметтік оңалту мекемелерін аралады.

 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жалғасы болып табылатын «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» насихаттау шаруалары осы аптаның соңына дейін жалғасатын болады. Алдағы күндері жұмысшы топ құрамы Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласына барады деп күтілуде.

null  

  Айта кету керек, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында» атауының өзі айтып тұрғандай жұмыспен қамтудың нәтижелі көрсеткіштеріне қол жеткізу мен оқыту және кәсіпкерлікке баулу бағыттарына айрықша көңіл бөлінеді.

«Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету», «Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» және «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» сынды үш бағыттан тұратын жаңа бағдарлама шеңберінде тек биылғы жылдың өзінде облыста 11 мыңнан астам адамды кәсіби оқытумен қамту көзделуде. Оның 5 мыңға жуығын тегін кәсіби даярлаудан өткізу жоспарланған. Одан бөлек, бағдарлама шеңберінде беріліп келген шағын несиенің көлемі 3 млн.теңгеден 16 млн. теңгеге дейін ұлғайған. Бұл өзгерістер қарапайым халықтың табысын арттыруға үлкен сепігін тигізетіні белгілі. Бұл жұмыстар үшін 2017 жылға республикалық бюджеттен 13,1 млрд. теңге бөлініп, 64,3 мың адамның қатысуы жоспарлануда. 

null 

Ал бағдарламаның бюджеттік әкімшілері ретінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар,  білім, кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм, ауыл шаруашылығы басқармалары болып белгіленген.

Еске сала кетейік, бүгінгі күнге дейін жүргізілген бес жылдық «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде өткен жылы 72 мыңнан астам азамат қамтылып, әлеуметтік қолдауларға ие болған еді. 

null 

Соңғы жаңалықтар