ОҚО-да жетім және аз қамтылған отбасылардың балалары өңірдің кесенелерін аралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпрат - Оңтүстік Қазақстанның барлық аудандарынан 150 ұл-қыз облыстың ең танымал кесенелеріне барып, Отырар қалашығы мен Оңтүстік Қазақстанның басқа да тарих және археология жәдігерлерін көру мүмкіндігіне ие болды, деп жазады өңірлік БАҚ.

Бес күннің ішінде жетім, табысы төмен отбасылардан шыққан және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар Шымкентте қонақ болып, күндіз экскурсияларға, ал кешке облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен көптеген шараларға қатысты.

Алтыншы, жетінші және сегізінші сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған сапар бағдарламасы жан-жақты болды: пікірталастар мен викториналар, КТК (КВН) және кинофильмдерді тамашалау. Туған өлкеге жасалған сапар командалардың тақырыптық байқауымен аяқталды. Оқушылар өздері барған тарих-сәулет құрылыстары туралы білімдерімен бөлісіп, фотоальбомдарын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар