USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

ОҚО-да жергілікті полиция басшысы тағайындалды

2016 жылғы 8 қаңтар 17:30
Бөлісіңіз:
ОҚО-да жергілікті полиция басшысы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына Балтабек Абылаев тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Аймақ басшысы Б.Атамқұловтың қатысуымен өткен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясында ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың ұсынысымен, облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен, облыс әкімінің өкімімен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына Балтабек Абылаев тағайындалды», делінген хабарламада.
Жиында сөз алған облыс әкімі жергілікті полиция қызметі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» негізінде құрылғанын айтты.
«Жергілікті полиция бұдан былай өңірдегі заң бұзушылықтарды анықтауға, зерделеуге және жоюға бағытталған шараларды ұйымдастыратын болады. Сондай-ақ, жергілікті полиция қоғамдық тәртіпті қадағалап, жол жүрісін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деді аймақ басшысы.
Балтабек Сейілбекұлы Абылаев - 1962 жылы туған. ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. 1990 жылдан бастап ішкі істер саласында қызмет етіп келеді. Б.Абылаев жаңа қызметіне дейін ОҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы қызметін атқарып келген.
Сонымен қатар, кезектен тыс сессияда облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Ержан қоғамға еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалін табыстады. Құрметке ие болғандардың ішінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты О.Рахманбердиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ш.Мырзахметов те бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT