ОҚО-да жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында сотталғандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші 77,5 пайызға жетіп, республикада екінші орынға тұрақтады. Өңірдің прокурорлары бас бостандығынан айырылған азаматтарды еңбекпен қамту мақсатында көрме ұйымдастырып, кәсіпкерлерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Төле би ауданында қатаң тәртіптегі ИЧ-167/9 мекемесінде көрме ұйымдастырылды. Оған өңірдегі алты түрме сотталушыларының қолынан шыққан бұйымдар қойылды.

«Бізде қазір 17 кәсіпкер түзеу мекемелеріне кіріп, өздерінің цехтарын ашып, жазаларын өтеп жатқан азаматтарға жұмыс беріп, кәсіптерін жүргізіп жатыр. Кәсіпкерлерге мұндай жерде жұмыс істеу өте тиімді. Мысалы ондағы цехтарды жалға алу тегін. Екіншіден, жұмыс орнында ПТУ бар бізде, әрбір мамандықтарға үйретуге мүмкіншіліктері бар. Егер кәсіпкерлер келеміз десе, өздерінің заттарын әкеліп, бұйымдарын жасата береді. Олардан ақысын төлеу ғана сұралады», - дейді облыстық прокуратураның басқарма бастығы Ермек Әйтімов.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әрбір оныншы сотталушының білімі жоқ. Ал, он адамның үшеуі мамандық алмаған. Бүгінде оларды еңбекке ынталандыру мақсатында арнайы курстар ұйымдастырылуда. Темір торға тоғытылғандар электр монтерi, газ-электр дәнекерлеушi, тiгiншi-әмбебап, автомеханик, токарь-әмбебап және ағаш ұстасы сияқты мамандықтарды меңгеруде.

null 

«Былтырғы 2016 жылдың қортындысы бойынша қатаң тәртіптегі ИЧ-167/9 мекемесінде адам санына шаққанда 66,7 пайыз сотталушы жұмыспен қамтылды. Жыл бойы шағын және орта бизнес субьектілерін шақырту нәтижесінде мекемеден 10 кәсіпорын ашылды. Бүгінгі таңда толық бәрі жұмыс істеп тұр. Жұмыс барысында тәртіп бұзбай, өзін жақсы жағынан көрсете білгендерге абақтыдағы еңбек мерзімінен бұрын босауына себепші болады», - дейді ИЧ-167/9 мекемесі бастығының орынбасары Төреәлі Бердияров.

Түрмедегі мына дәнекерлеу цехында жұмыс iстейтiн сотталушылар темiр балқытып, түрлi бұйымдар жасайды. Оларға жұмыс беруші кәсіпкер қажетті материалдардың барлығын дер кезінде жеткізіп беріп отырады екен. Темiр есiктер, қақпалар, шарбақ, есiк-терезе торлары, балалардың ойын алаңдарына қажеттi бұйымдарға тапсырыс қабылдайды. Түрме қызметкерлерінің айтуынша жазасын өтеушілердің қолынан шыққан дүниелер әп-сәтте сатылып кетеді. Себебі, бұйымдардың бағасы арзан, сапасы да жақсы. Қолдан жасалған бұйымдар қашан да нарықта өз бағасын жоғалтпайтыны белгілі. Тұрмыста қажетті бұл дүниелерді саудаға шығару кәсіпкерлер үшін де көп пайдасын тигізіп отыр. Сотталғандар да тұрақты жалақысын алады,  бұл 20-30 мың теңгенін аралығында. Осындай жеңілдіктерді пайдаланып, кәсіпкерлер ағаштан бұйым жасау цехын да ашып қойыпты. Мұнда шеберлер шахмат, нарды үстелi сияқты сыйлыққа арналған бұйымдар мен ағаштан музыкалық аспаптар, ыдыс-аяқ жасайды. Әсіресе жаңғақ ағашынан жасалған ет астауларына сұраныс артқан.

null 

«Бір домбыраны 10 күн көлемінде істеп шығамыз. Сосын бесік істейміз. Оны қайың, жаңғақ сияқты әртүрлі ағаштардан жасаймыз. Бесікті мысалы бес күн ішінде бітіреміз. Астаулардың бірнеше түрін жасаймыз»,- дейді сотталушы Ырысәлі Панаев.

«Рессолизация: Сен қоғамға керексің» жобасының аясында өңірдің  прокурорлары биылғы жылы бірқатар түзеу мекемелерінде оқыту орталықтарын ашу жоспарланып отырғанын айтады. Онда сотталғандарды жеңіл өнеркәсіп саласына бейімдеп, тігіншілікке үйретеді.  Ал, жазасын өтеп шыққандарды тұрақты жұмыспен қамту үшін  пробация бағдарламасымен қолдау көрсетілмек. Айта кетейік, өткен жылы өңірде  60 адам осы бағдарламамен білімін жетілдіріп, кәсіп меңгерген.  

Соңғы жаңалықтар