ОҚО-да жарты миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған жігіт қолға түсті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жарты миллион теңгенің алтын бұйымдары ұрланған. Қазір осы қылмысқа қатысы бар деген Атыраулық  қолға түсті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Арыс аудандық ІІБ-ге жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреулер үйінен алтын алқа, сырға, жүзіктерін ұрлап кеткенін айтыпты. Жоғалған бұйымдардың жалпы құны 500 мың теңгені құраған.

Осы оқиғаға байланысты полицейлер Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабымен іс қозғап, жедел іздестіру шараларын жүргізді.  Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Атырау облысының 22 жастағы тұрғыны қолға түсті. Сезіктінің бұған дейін де осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болғаны анықталды. Тінту барысында айғақты заттар табылып, жәбірленушіге қайтарылды. 

Тергеу шаралары барысында ол ұрлықты жалғыз өзі жасағанын айтқан. Үй иелері кетіп қалған сәтті пайдаланып, ішке кірген. Сөйтіп алтын бұйымдарды қолды етіпті. Бірқатар бөлігін сатып, қажеттілігіне жаратқан. Қазір күдікті уақытша тергеу абақытысына қамалып, оның өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.  

Соңғы жаңалықтар