ОҚО-да жаңадан «Оңтүстік өнімдері» атты  ақпараттық жинақ жарыққа шықты
2017 жылғы 22 ақпан 18:40

ОҚО-да жаңадан «Оңтүстік өнімдері» атты ақпараттық жинақ жарыққа шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Кәсіпкерлік палатасы «Оңтүстік өнімдері» атты жаңа ақпараттық жинақты шығарды. Ондағы мағлұматтар өңірдің тауар өндіретін кәсіпкерлерімен танысып, өз бизнесін ашқысы келетіндерге жаңа серіктес табуға ықпал етеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
Кәсіпкерлер палатасы осымен екінші отандық тауарөндіруші компаниялардың тізімі енген каталогты шығарып отыр. Бірінші каталогта 250 компания туралы ақпарат берілген болса, жаңа ақпараттық каталогқа облыстағы тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, құрылыс салаларымен айналысатын 500 компания енген. Мұнда өңірдегі компаниялардың салалық бағыты, орналасқан мекен-жайы мен байланыс телефондары және т.б. ақпараттар беріліп отыр.

Мамандардың пікірінше ақпараттық каталог қарапайым азаматтан білікті кәсіпкерге дейін қажет болары сөзсіз.
null

«Өңірлік кәсіпкерлерді ақпараттық қолдау көрсету де өте маңызды. Аталмыш кітапшаны басып шығару арқылы біз жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсеткіміз келді. «Оңтүстік өнімдері» ақпараттық кітапшасын шығару уақыт сұранысына сай туған дүние. Бұл каталогтан кез келген азамат расталған ақпарат арқылы отандық тауарөндірушілермен таныса алады» - деді облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров.

Каталогтың электронды нұсқасын «INFOMOB» мобильді қосымшасынан табуға болады.

Жалпы, өңірдің Кәсіпкерлер палатасы жергілікті тауар өндірушілерге мемлекеттік сатылымды жүргізу кезінде қолдау көрсету, олардың отандық нарықта өз орнын қалыптастыру жолында бірқатар жұмыстар атқаруда.
null

Jańalyqtar

MURAǴAT