ОҚО-да жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен селекторлық мәжіліс өтті. Онда ОҚО-да жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мәжілістің күн тәртібінде бүгінгі таңдағы өзекті 3 мәселе қаралды. Олар жаңа оқу жылына дайындық барысы, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы мен бұқаралық спорттың дамуы туралы.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша облыс әкімі тиісті сала басшыларының баяндамасын тыңдап, бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Яғни  аудан, қала әкімдеріне жаңа 2016-2017 оқу жылына дайындық барысын пысықтауды, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасы мен тапсыру мерзіміне жіті назар аударуды жүктеді.

Сонымен қатар, аймақ басшысы бұқаралық спортты дамыту мақсатында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облыс аумағында жыл басынан бері 28 спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілгенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруды  және қарапайым тұрғындарға мейлінше қолдан келетін мүмкіндіктерді жасау үшін әрбір көпқабатты үйлердің ауласына  қарапайым спорт құрылғыларын орнатуды  аудан, қала әкімдері мен сала басшыларына тапсырды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі күн тәртібінде қаралған әрбір мәселені жіті назарда ұстайтынын айтты.

Соңғы жаңалықтар