ОҚО-да заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын көліктер көбейіп кеткен

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын көліктер көбейіп кеткен. «Автобус» алдын алу іс-шарасын өткізген өңірдің жергілікті полиция қызметкерлері осындай заңбұзушылыққа жол берген жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жол-патрульдік полиция полкі мен батальонының мобильді тобы көлік бақылау және қоғамдық көлік мекемесінің өкілдерімен бірлесе жолаушы тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайын, жүргізушілердің тіркеу құжаттарын тексерді.  Жол ережелері мен жолаушы тасымалдау нормаларының сақталуына баса назар аударды.
null 

Нәтижесінде жалпы қоғамдық көлік құралдарына қатысты 604 әкімшілік хаттама түзіп, оның ішінде 22 жүргізушінің заңсыз жолаушы тасымалымен айналысып жүргенін анықтады.  Ал, «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында  қоғамдық көлік құралдарына қатысты 125 әкімшілік хаттама түзіліп, кінәлі тұлғаларға шара қолданды.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде жол қозғалысы қағидасының талаптарын бұзған қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 963 әкімшілік хаттама түзілген.
null 

Полицейлер осылайша  жол-көлік апаттарының санын төмендетуге, әсіресе қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алатын жол ережесін бұзушылық жайттарының алдын алмақ. 

Соңғы жаңалықтар