ОҚО-да ұсталған 16 кеден қызметкеріне сот санкциясы қайта ұзартылды

None
None
 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ұсталған 16 кеден қызметкеріне қатысты сот санкциясы тағы үш айға ұзартылды. Бұл туралы Әл-Фараби аудандық сотының ресми өкілі Сәбит Төреханов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   

Сәбит Төрехановтың сөзінше, сотта 16 кеден қызметкеріне қатысты тергеу мерзімін тағы үш айға ұзарту мәселесі қаралған. Нәтижесінде сот санкциясының уақытын ұзарту жөнінде қаулы шығарды. Істі тергеп жатқан органдар сотқа осындай өтінішпен шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің Бас прокуратурасы ОҚО, Жамбыл және Алматы облыстарында жүргізілген арнайы операция кезінде 30-ға тарта күдікті ұсталғаны туралы ресми хабарлаған болатын.

Ресми органның мәліметінше, ұсталғандардың қатарында кеден қызметкерлері мен брокерлер, делдалдар болған. Ал, оңтүстік өңірі бойынша 16 кеден қызметкері қамауға алынып, тағы екеуіне іздеу жарияланғаны белгілі. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі («Пара алу») бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар