ОҚО-да учаскелік полицейді соққыға жығып, көлігін айдап кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Оңтүстік Қазақстан облысында полицейге қарсылық көрсетіп, көлігін айдап кеткен күдіктілер ұсталды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келеңсіз оқиға Бәйдібек ауданы, Түйетас ауылында болған. Аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне аталған елді мекенінің учаскелік полиция инспекторына қарсылық көрсетіп, шабуыл жасағаны жөнінде хабарлама түседі. Белгілі болғандай, түнгі 22-00-дер шамасында учаскелік полиция инспекторы жолда автокөлікті дұрыс басқара алмай келе жатпаған жүргізушіні тоқтатқан. Одан құжаттарын көрсетуді талап еткен полицейге, мас халдегі күдікті бағынбай, қарсылық көрсетіпті.

Ол тіпті жанындағы танысымен бірге тәртіп сақшысына шабуыл жасап, күш көрсеткен. Соңынан полицейге тиесілі «ВАЗ» автокөлігін мініп, белгісіз бағытқа қарай айдап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында Бәйдібек АІІБ-нің қызметкерлері екі күдіктіні ұстады. Олар 1972 және 1979 жылы туған Бәйдібек ауданы мене Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.

Қазір қолға түскен сезіктілерге қатысты Қылмыстық Кодекстің «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу», «Билік өкiлiн қорлау», «Билік өкiлiне қатысты күш қолдану» баптарымен іс қозғалды. Күдіктілер уақытша тергеу абақтысына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар