USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ОҚО-да түрік кәсіпкерлерімен бірлескен жобалар іске асырылатын болды

2017 жылғы 2 ақпан 05:11
Бөлісіңіз:
ОҚО-да түрік кәсіпкерлерімен бірлескен жобалар іске асырылатын болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы мен Түрік елінің кәсіпкерлері енді түрлі жобаларды бірлесе атқарып, жүзеге асыратын болады.

Бұл туралы Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы шеңберінде меморандумдарға қол қою рәсімінде белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, форум аясында ынтымақтастықты нығайту мақсатында Түркияның «Ostim» индустриалды аймағы мен «Оңтүстік» индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясы арасында, Түркиядағы Сакария қаласының Сауда-Өнеркәсіп палатасы мен ОҚО Кәсіпкерлік палатасы және «Шымкент ӘКК» ҰҚ» АҚ арасында сонымен бірге, Түркияның «Volkan Ambalaj» компаниясы мен «Оңтүстік» АЭА» Басқарушы компаниясы арасында және Анталия провинциясының денсаулық сақтау басқармасы мен ОҚО денсаулық сақтау басқармасы арасында меморандумдар жасалды.

Бұл құжаттар алдағы уақытта қазақ-түрік биснесмендерінің кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін ілгерілетіп, Түркиядағы индустриалды аймақтардың жұмыс тәжірибесімен бөлісуге, тиісінше, біздегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының ерекшеліктерімен түрік кәсіпкерлерін таныстыруға мүмкіндік береді.

Екі жақты қол қою шарасынан кейін облыс әкімі Ж.Түймебаев келісімге келген түркиялық 5 компанияның жетекшілерімен арнайы кездесіп, алдағы бағыт-бағдарды айқындады.

Жалпы, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстандағы түркиялық фирмалар мен компаниялардың саны 30-ға жетіп отыр. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың жоғары дәрежеде дамып отырғанын көрсетеді. Мұнан бөлек, соңғы үш жылда түркиялық әріптестермен құны 33,7 миллион АҚШ долларын құрайтын 4 жоба іске қосылған. Сондай-ақ, жалпы сомасы 2,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 18 жобаның 6-ауы түркиялық кәсіпкерлердің қатысуымен іске асырылуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT