ОҚО-да тракторлар жасау зауытына жұмысқа 400 адам орналастырылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы тракторлар жасау зауытына 400 адам жұмысқа орналастырылады.

Қазіргі кезде зауытты іске қосуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Іске қосу-ретке келтіру жұмыстары мен жұмыскерлерді таңдау жүріп жатыр. Жобаның құны - 40 млн. долларды құраған, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Kazkioti» компаниясы Шымкентте трактордың үш түрін құрастыруды жоспарлап отыр. Өндіріс шілде айында іске қосылса, 2017 жылға қарай зауыт өндіріс көлемін арттырып, жылына 3,5 мың техника бірлігін шығара алады.

Кәсіпорын Ордабасы ауданының индустриялық аймағында жұмыс істейді. Мұнда барлығы 17 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Медициналық шприцтарды, болат құбырларын, жұмсақ және кеңсе жиһазын және т.б. көптеген бұйымдардың өндірісі ретке келтіріледі.

ОҚО-ның Ордабасы ауданындағы жобалардың құны 72 млрд-қа жуық теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар