ОҚО-да су басқан жерлерде тәулік бойына апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында су басқан жерлерде тәулік бойына су сору жұмыстары жүргізілуде. Мақтарал ауданында жауын мен  жер асты суларының көтерілуі салдарынан ауласын су алып кеткен үйлердің саны 58-ге жеткен. Қазір бұл елді мекендерде  апаттық-құтқару шаралары атқарылуда, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Бүгінде Мақтарал ауданы әкімдігі тарапынан төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша арнайы штаб құрылып, тәулік бойына үздіксіз жұмыстар жүргізілуде. Мотопомпалармен көлемі 12 926 текше метр болатын су шығарылды. Бүгінгі таңда судың деңгейі төмендетіліп, тазартылуда.
null 

Облыс әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаевтың айтуынша, Мақтаарал ауданындағы су шығару жұмыстарына жалпы 52 адам, 5 техника, 9 мотопомпа жұмылдырылған. Сонымен қатар, аудан әкімшілігі мен жергілікті полиция қызметкерлерінен құралған 26 адам жұмылдырылды. Осы жұмыстарды ұйымдастыруда жергілікті тұрғындар да өз үлестерін қосуда.
null 

Шенділердің сөзінше бүгінгі таңда аталған ауданда  су тасқыны қаупі жоқ, жағдай тұрақты. Жұмыстар жалғасуда. Әрі мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауына алынған. Сондай-ақ осындай қауіп Шымкент, Түркістан,  Арыс, Кентау қалалары мен Мақтарал, Сарыағаш, Сайрам, Бәйдібек, Ордабасы, Шардара, Қазығұрт аудандарындағы елді мекендерде туындаған болатын. Бұл жерлерде де су басқан орындарда апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, мотопомпамен суларды шығарған. Жергілікті атқарушы органдармен жүйелі түрде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жалпы жағдай оңтайланды.

Еске салайық, өңірде 16-19 ақпан күндері жауған нөсерлі жауынның салдарынан  Мақтаарал ауданы тұрғындарының үй аулаларын су басып, тұрғындар үйлерінен шыға алмай қалған болатын. Жиналған су тіпті кейбір баспаналардың ішіне кіріп кеткен еді.
null 

Соңғы жаңалықтар