ОҚО-да шаруалар шетелдік тәсілмен егін егуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында шаруалар шетелдік тәсілмен егін егуде. Шардара ауданына швейцариялық «Сингента» компаниясының өкілдері келіп, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибе алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Тұқымдық шитті дәрілеумен айналысатын компания елімізде өкілдігін ашып, арам шөптер мен зиянкестерге қарсы химикаттар жасап шығаруды қолға алды. Күнбағыс, көкөніс дақылдарының тұқымдық шитін өндіруді де жолға қойды. Қазір фирма өкілдері шалғай аудандарға барып, шаруаларға егістікті қаумалап өсетін шөптерді жоюдың әдіс-тәсілдерін үйретіп жатыр.

«Шаруаларға қазіргі таңда гербицидтер 50 пайыздық жеңілдікпен беріліп жатыр. Оларға  біз құжат береміз. Құжаттарын аудандық ауыл шаруашылық бөліміне, әкімшілікке өткізіп, арам шөптер мен зиянкестерге қарсы дәріні   жарты бағасына ала алады»,- дейді компания өкілі Нұржау Әбдіғаппаров.

Биыл күріш алқабын ұлғайтуды көздеп отырған шардаралық диқандар осы тәсілдер арқылы қамбаны дәнге толтырып, мол табысқа кенелетініне сенімді. 

Соңғы жаңалықтар