ОҚО-да өзбекстандық театр ұжымының күндері өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысында өзбек ұлттық академиялық драма театрының гастрольдік іссапары өтті. Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының жылы аясында өңірге келген көрші елдің өнер ұжымы үш күн бойы облыс жұртшылығына Эркин Хушвақтовтың «Көңіл» комедиясын ұсынып, зор қошеметке бөленді, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен  өткен шарада өзбекстандық өнер ұжымы Шымкент қаласы мен Сайрам аудандарында аталған комедияны сахналады. Туындыда отбасы бақыты мен құндылығы жайында терең ой қозғалады. Гастрольдік сапардың жабылу салтанатында Өзбек ұлттық академиялық драма театрының директоры, Өзбекстан еңбегі сіңген әртіс, «Мехмат-Шухрат» орденінің иегері Фатхулла Масудов жылы шыраймен қарсы алған оңтүстіктің көрермендеріне ризашылығын білдірді. Екі ел арасындағы байланыс одан да нығая түсетіндігіне сенімділігін жеткізді.

Шара соңында театр ұжымына Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Ғалия Шарафиева мен өңірдің Өзбек мәдени орталығының төрағасы Икрам Хашимжанов арнайы алғыс хаттар табыстады.

Соңғы жаңалықтар