ОҚО-да өткен жылы 600 мың тонна ұн экспортталған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 600 мың тонна ұн экспортталған. Ұн Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан сынды ТМД елдеріне, сонымен қатар, Ауғанстан, Ирак, Қытай және Моңғолия нарығына шығарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Өңірдің ұн тартушы кәсіпорындары өткен жылы 801 255 тонна ұн, 269 900 тонна кебек шығарған. Шығарылған ұн өнімдерінің құны 62 825 млн. теңгені құрайды. Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының мамандары хабарлады.

Тартылған ұнның 600 мың тоннаға жуығы, немесе 599 261,5 тоннасы  114 213,3 мың АҚШ долларына сатылыпты.

Жалпы, өңірде ұн тарту кәсібімен оншақты серіктестік айналысады. Олардың ішінде «Алтын дән» ЖШС, «Ерасыл-2030» ЖШС, "Дани-Нан-Group" ЖШС, «Kasimhan Grain Products» ЖШС, "Асыл-LTD" ЖШС-лары негізгі экспорттаушы компаниялар болып табылады.

Соңғы жаңалықтар