ОҚО-да отбасының үш адамы газдан уланып, әкесі мен қызы қайтыс болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысында бір отбасының үш адамы газдан уланып қалды. Иіс тиген әкесі мен қызы қайтыс болды. Қазір дәрігерлер зардап шеккен әйелдің өмірін сақтап қалуға күресіп жатыр, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста газға жауапты мамандардың мәліметінше, қайғылы жағдай Сайрам ауданы, Өтеміс ауылында болған.  Иістен бір жанұяның мүшелері уланып, жедел жәрдем қызметі келгенше 42 жастағы отағасы мен 19 жастағы қызы көз жұмған. Ал, 42 жастағы әйел ауыр халде Облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы түскен.

«Науқас орталыққа 9 ақпан күні күндізгі сағат 12.41-де түскен. Диагнозы көміртегі тотығының токсикалық әсерінің ауыр дәрежесі. Команың 2-3 дәрежесі. Экзотоксикалық шоктың 2-3 дәрежесі. Қазіргі таңда науқастың жағдайы өте ауыр. Ол емін жансақтау бөлімінде қабылдап жатыр», - дейді Облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері Дәулет Мұсаев.

Қазір оқиға орнында газ мамандары мен төтенше жағдайлары қызметкерлі  тексеру шараларын жүргізіп, иістің қай жерден шыққанын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар