ОҚО-да орта санаттағы медбикелер қайта даярлаудан өтеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында орта санаттағы медбикелер де қайта даярлаудан өтеді. Медицина мамандары емхана мен ауруханаларға барып, өзара тәжірибе алмасады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған семинар-кеңесте мәлім болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Семинардың алғашқы күнінде аға медбикелер облыстық балалар ауруханасына жиналып, алдымен теорияға қанықты. Облыстың барлық қала, аудандарынан жиналған ақ халаттылар білікті мамандардан дәріс алды. Шалғай ауылдардан келген медбикелер Шымкенттегі орталық емхана мен ауруханалардың жұмыс барысымен танысты. Әсіресе орта санаттағы мамандарға ауылды жерлерде жоқ медициналық құрылғылар көрсетіліп, емдік терапияда олардың іске асырылуы түсіндірілді.

Айта кетейік, бүгінде өңірде 22 мыңнан аса медбике бар. Сала мамандары олардың басым бөлігі жекеменшік колледждерде білім алғандықтан, біліктілігі жағынан талапқа сай келмей жататынын айтады.

Ал, жекеменшік медициналық колледждердің бұл мәселесі жақын арада шешілмейтін сияқты. Өйткені оқу орындарындағы техникалық база мен білім сапасын көтеру үшін үкімет өз қарамағына алуы тиіс. Дегенмен, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жекеменшік колледжді бітірген мамандарды жұмыссыз қалдырмаймыз деп отыр. Олардың біліктілігін арттыру үшін барынша жағдай жасалмақ.

Соңғы жаңалықтар