ОҚО-да өнеркәсіп өнімінің көлемі 6,8 пайызға артты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен селекторлық режімде аппараттық мәжіліс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында 2018 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және экономиканың нысаналы өсу индикаторларының орындалу барысы қаралдыБірінші тоқсан қорытындысы бойынша облыста негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі орын алғанын айтқан өңірдің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов өнеркәсіп өнімінің көлемі 216,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8 пайызға артқанын мәлім етті.

«Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 180 818 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға, ал ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 69,4 млрд теңгені құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайызға артқан. Бұдан бөлек, облысқа 207,3 млрд теңге инвестиция бағытталып, 2,5 есеге өсті. Бұл көрсеткіш бойынша облысымыз республикада алғашқы орында, үлесі жағынан 2-орында»,-деді басқарма басшысы.

Баяндамада мәлім болғандай өңірде жыл басынан бері жалпы алаңы 198 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілген болса, осы уақыт аралығында 2 428 жаңа жұмыс орны ашылған.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасаған Облыстық қаржы басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев бірінші тоқсанда жергілікті бюджетке 31,8 млрд. теңге түсіп, кірістер жоспары 114,6 пайызға орындалғанын атап өтті.

Баяндамашыларды мұқият тыңдаған аймақ басшысы Елбасының жариялаған бес әлеуметтік бастамасының орындалуын тұрақты түрде бақылауды және индикаторлардың орындалуы бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, барлық аудан, қала әкімдері мен тиісті сала басшыларына терең өңдеу ісі мен абаттандыруды қолға алуды және әр апта сенбілік ұйымдастыруды жүктеді. Бұдан басқа әкім халықты еңбекке жұмылдыру мәселелері мен мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту жайына баса назар аударды.

Соңғы жаңалықтар