ОҚО-да нөсер жауын жауып, аулаларды су басты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүсік Қазақстан облысының кейбір аймақтарында нөсерлете жауған жауынның салдарынан ондаған үйдің аулаларын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қзыметіне сілтеме жасап.

«15 маусым күні сағат 19-50-де нөсер жауынның салдарынан Төле би ауданының Киелі тас ауылындағы 6 ауланы, Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы 10 ауланы және Ақтас-1 (Шымкент аумағы) ауылындағы 7 ауланы су басты»,-делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің күшімен суды сорғыту жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы шаралар сағат 22-40-та аяқталды, деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар