ОҚО-да «Мерейлі отбасы-2018» байқауының жеңімпаздарына 1 млн теңгеден берілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстанда «Мерейлі отбасы-2018» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Байқау  жеңімпаздары деп танылған отбасы мүшелерін облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр салтанатты түрде марапаттап, облыс әкімінің дипломы мен қаржылай сыйлығын табыс етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Үш кезеңнен тұратын (аудандық, облыстық, республикалық) байқаудың облыстық кезеңінен қала-ауданнан 38 жанұя ұсынылып, оның ішінде 30 отбасы үздік деп танылды. Олардың арасынан Қазығұрт ауданынан келген Мұхтар Момынов пен мақтааралдық Сапаралы Серікбаевтардың жанұялары мерейлі отбасы атанып, 1 000 000 теңгеден қаржылай сыйлыққа ие болды. Осылайша, оңтүстікқазақстандық екі отбасы қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
null 

Бұдан бөлек, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық қорытынды кезеңіне қатысқан барлық 28 отбасыға облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Алғыс хаты мен 200 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды.
null 

Айта кетейік, Елбасы жарлығымен бастау алған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының мақсаты бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын арттыру, отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік секілді ұғымдарды ел санасына сіңіру, әсіресе жастарға жеткізу, жарасымды жанұя құндылығын кеңінен насихаттау болып табылады.

null null null 

Соңғы жаңалықтар