ОҚО-да мемлекеттік сатып алуда заңсыздықтар көп

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу бойынша заң бұзушылықтар әлі күнге дейін тыйылар емес. Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшылығы әсіресе, денсаулық сақтау саласында кемшілік көп екендігін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Департамент басшысы Батырбек Көшербайдың айтуынша, соңғы екі айда медицина саласындағы 35 аудит нысанына 54 хабарлама жолданған. ҚР Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңының талаптарына сәйкес, қызметті негізсіз бағалау, біртекті тауарларды жеткізу сынды олқылықтар анықталған.  Веб-порталда жарияланған конкурстық құжаттамалардың жобасында заңды тұлғалардың заңнама талаптарын бұзғаны анықталған.

«Әлеуетті өнім берушілерден түскен ескертпелерге сәйкес, Конституцияда белгіленген мерзімде шешім қабылданбаған. Мұндай кемшіліктер әсіресе, бланкілерді басып шығару қызметін мемлекеттік сатып алу бойынша анықталды. Сондай-ақ, соңғы уақытта лицензиялауды қажет етпейтін қызметтер үшін құжат талап ету сынды заңға қайшы келетін келеңсіздікдер де белең алған», - деді Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бастығы.  

Соңғы жаңалықтар