ОҚО-да мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер жалғызбасты анаға баспана сыйлады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында тұратын 7 баласы бар жалғызбасты ана баспаналы болды. Мұндай тосынсыйды Тұрар Рысқұлов ауылындағы мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлкібастық түлектер жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмагүл есімді келіншекке баспананың кілтін табыстау сәті Фейсбук әлеуметтік желісінде тарады. Онда 20 жылдық кездесуге жиналған түлектер өздері жинаған қаржыға алынған үйді көп балалы анаға салтанатты түрде табыстау сәті көрсетілген.

Әлеуметтік желі қолданушылары түлектердің бұл қайырымды ісіне алғыстарын білдіруде.

«Сендер бір отбасын қуанышқа бөлеп, игілікті іс жасап қоймай, мына барша елге өнеге болдыңдар»,- деген тіліктер жазып қалдырған.

null

Соңғы жаңалықтар