ОҚО-да мектеп оқушылары әкімдік ғимаратында оқуға мәжбүр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 262 оқушы ауыл әкімдігінің ғимаратында оқуға мәжбүр. Себебі, өткен жылдың тамыз айында басталған жөндеу жұмыстары әлі бітпеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
Төле би ауданына  қарасты Ұзынарық ауылының балалары биылғы оқу жылын амалдап өткізуде. Оқып жүр деген аты болмаса, мұнда шәкірттерге ешқандай жағдай жасалмаған. Бөлмелері тар, салдарынан ауа жоқ. Аумағы небәрі 10 шаршы метрді құрайды бөлмелерде 16-18 баладан қысылып-қымтырылып білім алуда. Денешынықтыру сабақтары осында бөлмелерде өтеді. Сөйте тұра, бұл мектепке көрші ауылдан тағы бірнеше бала тасымалданады. Қазір, білім ұясындағы қолайсыздықтардың болып жатқанын  ұстаздар қауымы да жасырмайды.

«Уақытша амалдап оқып жүрміз енді. Білім беру стандартынан қалмауымыз керек қой. Сол себептен ыңғайлыстырып оқып жатырмыз», - дейді мектеп директоры Рүстем Амантаев.

Ұзынарық ауылындағы мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті қазынадан 100 миллион теңге бөлінген. Мердігер анықталып, құрылысшылар іске өткен жылы тамызда кірісіпті. Алайда ауыл тұрғындарының сөзінше  жұмысшылар мектептің шатырын ашып тастап, қабырғасын сылаудан бастаса керек. Әбден, жұмыс аяқталған сәтте жауын жауған. Сөйтіп, атқарылған жұмыстар бір сәтте шайылып кетіпті. Қазір, мектептің кейбір бөлмелерінде қабырғалар көгеріп тұр екен. Бәрінен де балаларға жанымыз ашиды, жөндеу жұмыстарын неге балалар демалысқа шыққанда істемейді,- дейді ауыл ақсақалдары.

«Жан ашығанда не дейсіз, енді ол балалардан обал. Уақытысында жаппады шатырды. Содан жаңбыр мен қар араласып жауып, екі ортада қабырғалардың бәрі езіліп кетті. Кірпіштің бәрі су болды да, сол осындай жағдайға тап болдық», - дейді Еркінбай Айтбаев.  
null  

Ал, аудандық білім бөлімінің басшылығы бар кінәні мердігерге артып отыр. Екі жақты келісімшартқа сәйкес, олар құрылыс жұмыстары наурыз айында аяқтауы тиіс. Сол кезде қаражат толық төленеді. Ауданның атқамінерлері  мердігермен алдағы наурыз-сәуір айларында есептесетінін айтады. Соның салдарынан құрылысшы істі соңына дейін жеткізе алмауда екен.

«Мердігер компания ұтып алған кезде өзімнің қаржым бар, өзім аяқтаймын деп кепілдікке отырды ғой. Сондықтан біз оның не себепті жұмысты аяқтай алмай жатқанын нақты білмедік», - дейді Төле би аудандық білім бөлімінің бас маманы Нұрлан Қарысбаев.

Қалай болғанда да  уақыт ақпан айының бел ортасына жетті. Мердігерлер жұмысты наурыз айына дейін аяқтай ала ма, жоқ па ол жағы да белгісіз. Бастысы, биылғы оқу жылында оқушылар талапқа сай білім ала алды ма, ата-аналарды осы сұрақ мазалайды. 
null  

Соңғы жаңалықтар