ОҚО-да мектеп бітірушілердің «Туған жерге тағзым!» шарасы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет мектеп бітірушілердің «Туған жерге тағзым!»  салтанатты жиыны өтті. Аталған шара Ордабасыда түркі тілдес үш елдің, яғни Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасының президенттері басшыларының басқосуына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ордабасы ауданындағы «Бірлік» монументі «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығында өткен салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, «Нұр Отан» ОҚОФ бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов және өңірдегі ардагерлер қатысты. Сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен 12 жоғары оқу орнының басшылары, білім саласының ардагерлері мен ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер жалпы саны мыңнан астам адам жиналды.
null

Ұрпақтар сабақтастығына жалғау болу мақсатында киелі мекенде өткізіліп отырған жиында сөз алған аймақ басшысы мектеп бітіруші түлектерге үлкен өмір жолына бастар қадамдарының сәтті болуын тіледі.

«Бүгінгі салтанатты шараның Ордабасы тауында өткізілуі кездейсоқтық емес. Ордабасы тауы - қазақтың елдігін танытар тұста орда болған, Тәуелсіздіктің туын желбіретер тұста киелі тұғырға айналған атамекен! Ордабасы тауы - қазақ елінің бірлігін насихаттайтын, еліміздің рухын көтеретін және 1726 жылы қазақ халқының жоңғарлар шапқыншылығы кезінде үш жүздің басын қосып, елді қорғауға жұмылдырған тарихи орын. Елбасының «Ордабасыға оралу - қазақстандық патриотизмнің жарқын үлгісі» деп атап кеткеніндей, Сіздерді еліміздің нағыз патриоттары болады деген сеніммен, ұрпақтар сабақтастығына жалғау болсын деген ниетпен осы киелі мекенге шақырдық», - деді Жансейіт Түймебаев.
null

Шара барысында аймақ басшысы мектепті үздік бітірген және республикалық олимпиадалар мен байқауларда өңіріміздің намысын абыроймен қорғаған үздік 10 оқушыны марапаттап, бағалы сыйлықтар тарту етті. Бұдан бөлек, 500 үздік оқитын мектеп бітіруші түлектерге естелік сыйлықтар үлестірілсе, олар өз тараптарынан балабақша бүлдіршіндеріне «Білім Әліпбиін» тапсырды.
null

Жас ұрпақтың туған елге деген патриоттық сезімін арттырып, рухани сананы жаңғыртуға бағытталған мектеп бітірушілерінің салтанатты шарасы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ардагерлердің ақ батасымен қорытындыланды.

Айта кетейік, «Бірлік» монументі «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы 1993 жылдың 26 мамырында арнайы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысымен ашылған. Биыл аталған қорықтың құрылғанына 25 жыл толып отыр.

nullnull

Соңғы жаңалықтар