ОҚО-да мас жүргізуші велосипедшіні қағып кетті (ФОТО)

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да мас жүргізуші велосипедшіні қағып кетті, апат Жібек жолы-Жетісай тас жолында Сарыағаш ауданында орын алды.

ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ВАЗ жүргізушісі велосипедшіні басып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. 45-47 жас шамасындағы ер адам ауыр дене жарақатын алды. Оны аурухананың жансақтау бөліміне әкелді, ақыр соңында есін де жимастан көз жұмды.

Жүргізуші ұсталды. Ол - Сарыағаш ауданының 1984 жылғы тұрғыны. Жүргізуші сол кеште көлікті мас күйінде басқарғанын мойындады. Қашып кеткен себебін қорыққандығымен түсіндірді.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 347-бабы бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр. Күдікті тұтқындалды.

 

null null null 

Соңғы жаңалықтар