ОҚО-да мас күйінде көлік жүргізген шенеунік қызметінен кетті

None
None
  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында лауазымды тұлға көлікті мас күйде жүргізгені үшін қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай шешімді Оңтүстікт Қазақстан облысының Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қабылдаған. Кеңесте Отырар аудандық Әділет басқармасының басшысы М.Қасымбаевтың ісін қарау барысында, полиция қызметкерлері оның үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырғаны анықталды.

Кейіннен соттың қаулысымен шенеунік 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған М.Қасымбаев әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен келіспей, күшін жоюды сұрап сотқа шағым келтірген. Алайда сот шешімінің күшін жоюға негіз болатын мән-жайларды көрсете алмағандықтан, шағымды қанағаттандырудан бас тартылған. Барлық материалдарды зерделей отырып, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Мұрат Қасымбаевқа қатысты «атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынысты облыстық Әділет департаменті басшысына жолдады.

Айта кетейік, аталған кеңестің кезекті отырысында тағы 7 мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі қаралды. Ал, бұған дейінгі ұсыныстарына сәйкес Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Е.Аширов, сондай-ақ, Ордабасы ауданы Бөржар ауылының әкімі Б.Дүйсенбаев жұмыстан босатылған болатын.

Соңғы жаңалықтар