ОҚО-да «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы өтті. Өнер сайысында 28 композитордың Астана туралы және патриоттық әндері орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған шара жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық әндерді насихаттау мақсатында өтті. Сондай-ақ өңірден шыққан композиторлардың патриоттық әндерін, оның ішінде патриоттық тақырыптағы туындыларын халық арасында кеңінен дәріптеп, композитор мен орындаушы арасындағы шығармашылық байланысты дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Өнер додасында қазылар алқасы үміткерлердің орындау шеберлігіне, дауыс диапазонына және әннің байқау шартына сәйкестігіне мән берді. Музыкалық өңдеуі мен ән мәтінінің мазмұндылығына, орындаушылардың сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне де көңіл бөлінді. Сонымен қатар мүмкіндігінше бұрын орындалмаған жаңа әнге назар аударды.
null 

Байқау қорытындысы бойынша композиторлар арасынан бас жүлдеге Шымкент қаласынан Ізбасар Кеңесов, ал әншілер арасынан «Сарын» тобы лайық деп танылды. Жүлделі бірінші орынды Түлкібас ауданының композиторы Рысты Шымырбаева және шымкенттік «Фараб» дуэті иеленді. Сондай-ақ, қатысушыларға облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының арнайы жүлдесі берілді. Ерекші өнер көрсеткендер «Ең үздік музыкалық өңдеу» және «Ең жас әнші», «Көрермен көзайымы», «Патриоттық әнді үздік орындаушы», «Мәңгілік ел» номинацияларымен марапатталды. Барша жеңімпаздар мен номинация иегерлері арнайы алғыс хат пен қаржылай сыйлықтарға ие болды.
null 

Соңғы жаңалықтар