ОҚО-да мал ұрыларын ұстауға көмектескен ауыл тұрғындары марапатталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданында мал ұрыларын ұстауға көмектескен ауыл тұрғындары марапатталды. Аудандық ішкі істер басқармасының  бастығы  Нұрлан Исабеков  қылмысты ашуға көмектескендерге салтанатты түрде алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Айта кетейік, желтоқсан айында полиция бөліміне түнгі уақытта Қожатоғай ауылында тұратын тұрғынның ауласынан қойдың ұрланғаны жайлы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары үй иесінің қорасынан құны 100 мың теңге тұратын 4 қойын ұрлап кеткенін анықтаған.
Бұл қылмысты ашуға  жергілікті тұрғындар Дүйсенбек Қоңырбаев пен Ақылбек Әлімбеков көмектескен. Олар тек көліктің белгілерін ғана айтып қоймай, қылмыскерлердің жасырынған жерін де көрсетіп беріпті.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында қой ұрлауға қатысы бар үш күдіктіні қолға түсірді. Барымташылардың 7 мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің  «Ұрлық» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 
null null 
null 

Соңғы жаңалықтар