ОҚО-да қызметтік иттердің көмегімен 800-ден астам қылмыс ашылған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында қызметтік иттердің көмегімен 800-ден астам қылмыс ашылған. 120-дан астам есірткімен байланысты қылмыстар анықталып, заңсыз айналымнан 30 келіден астам есірткі тәркіленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Кинология қызмет орталығы қылмыстардың алдын алу мен ашуда, есірткі қылмыстарын анықтау мен қылмыскерлерді ұстауға арнайы дайындықтан өткен иттерді пайдаланатын құрылым болып табылады. Мұнда әртүрлі қызметке дайындалған 40-қа жуық ит жарылғыш заттарды анықтау, есірткі заттарын табу, одорологиялық экспериментте кеңінен қолданылып келеді. Мәселен, жуырда ғана орталықтағы спаниель тұқымды «Эмид» есімді ит «Шымкент-Ташкент» тасжолында автокөлікті тінту барысында артқы орындықтан 7,5 кг. героин тауып, тәркілеуге септігін тигізген.
null 

«Кинолог болу үшін жануарға бар махаббатыңды беру жеткіліксіз. Оларды күшік кезінен бастап үйретесің, өсіресің, дайындайсың. Бұл жұмыс үлкен жауапкершілікті, тиянақтылықты, еңбекқорлықты талап етеді. Бастысы шыдамдылық керек. Тағы бір айтар маңызды нәрсе, қызметте иттерді дұрыс қолдана алу кинологқа 70 пайыз, итке 30 пайызы ғана қатысты. Сондықтан, кәсіби маман болу уақытпен, ұдайы тәжірибемен келеді», - дейді Кинология қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Ахметов.
null null 

Соңғы жаңалықтар