ОҚО-да қыста ойылған жолдар ретке келтірілуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында қыстыгүні ойылған жолдар ретке келтірілуде. Өңірде қатты бұзылған жолдардағы шұңқырларды асфальт-бетонмен жамау жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше «Оңтүстік жолдары» МКК-ның мамандары атқарып жатқан жұмыстарға 26 бірлік арнайы техника толықтай жұмылдырылған. Жұмысшылар көктем мезгілінде күн жылынғанын пайдаланып, жолдарды жөндеуге кірісіп кетті. Әзірге бұл жұмыстар облыс орталығы Шымкенттен басталатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдары - Сайрам, Төле би, Бәйдібек, Ордабасы аудандарында іске асырылуда. Атап айтқанда, Сайрам ауданындағы «Жібек Жолы-Ақсукент-Шымкент» автожолының 7-18 шақырымы аралығын, Бәйдібек аудандарындағы облыстық маңызы бар атомобиль жолдарындағы шұңқырларды асфальт-бетон қоспасымен жөндеуде.

Бұдан бөлек, «Шымкент-Қызыләскер-Түйетас»,  «Ұланбел-Созақ-Екпінді» жол жиектерін автогрейдермен тегістеу шаруалары атқарылуда. Сондай-ақ, көктемгі су тасқынынан болатын селдің алдын алу мақсатында Сайрам, Отырар, Ордабасы, Төлеб и және Шардара аудандарында төтенше жағдайлардың қауіпін қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар