ОҚО-да құтқарушылар науқас жеткіншектің өмірін сақтап қалуға сеп болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да құтқарушылар науқас жеткіншекті ажалдан аман алып қалу үшін дәрігерлерге  жеткізді. Сегіз жасар мүгедек қыздың ауылын қар басып, жедел жәрдем көлігі жете алмай қалған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Бәйдібек ауданына қарасты Ақтас ауылында жасөпірімнің іші ауырып, дәрігер шақыртқан. Алайда дәрігерлер соқырішек болуы мүмкін деген балаға жете алмапты. Себебі, ауыл арасындағы жолдар көктайғақ, әрі қар басып қалған. Аудан орталығынан дәрігер шақырта алмаған ата-ана амалсыздан  құтқарушылардың көмегіне жүгініпті. Себебі, тез арада ота жасалмаса, жеткіншектің өміріне қауіп төніп тұрған.   Онсыз да мүгедек қыздың жағдайы уақыт өткен сайын ауырлаған.

«Кешкі 20.51 шамасында ОҚО ТЖД қарасты құтқарушылар жасағының жеке құрамы аудандық аурухананың дәрігер-хирургтарымен бірге аттандық. Жолда боран тұрып, жүру қиындық туғызғандықтан «Трэкол» техникасымен жетуге тура келді. Ақтас ауылдық ауруханасына түнгі 12.30-дар шамасында жеттік. Дәрігерлер ауруханада ота жасап, оны түнгі 1.30 дар шамасында аяқтады»,- деді ОҚО ТЖД Құтқару жасағының жетекшісі Павел Вишенин.  

Соңғы жаңалықтар