ОҚО-да күркетауық өндірісінің көлемі 10 мың тоннаға жетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да күркетауық өнімдерінің өндіріс көлемі 10 мың тоннаға жетті. Өңірдегі «Ордабасы құс» фабрикасы 5 жыл бұрын құс етіне деген сұраныстың тек 30 пайызын өндірсе, бүгінде 50 пайыздық көрсеткішті бағындырып отыр, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Қазіргі кезде өндіріс орны қажетті замануи технологиялармен толық қамтылған. Арнайы салынған 10 құсханада 120 мың бас күркетауық өсіріліп жатыр. Сала мамандарының сөзінше, күркетауық өндірісі құс шаруашылығында ең күрделісі саналады. Азығы сапалы болмаса, шығынға бату лезде. Фабрикада кластерлік өндіріс қолға алынған. Азық жемді өздері дайындайды. Оны түрлі дәрумендермен байытады. Өңделген ет жеке фирмалық дүкендерінде сатылады.
null 

«Күркетауық 70 күнге толғанда қораз не мекиен екенін ажыратуға болады. 130 күнде оларды қасапханаға жөнелтеміз. Әрқайсысының салмағы бабына келгенде 20-25 келіге тартады. Қазір күркетауық жұмыртқасын шетелден тасымалдаймыз. Ендігі мақсат - жұмыртқаны өзімізде өндіру болып отыр», - дейді фабриканың атқарушы директоры Мұрат Тағаев.

Фабриканың өнім түрі бүгінде 30-дан асқан. Тұтынушылар арасында холестерині аз ет өніміне сұраныс та артып келеді. Мамандардың айтуынша, биылғы шығарылған өнімнің 40 пайызы Еуродаққа экспортталған. Бұрын бұл көлем 30 % -дан аспайды екен.

«Мемлекет өнiмдi терең өңдеуге мейлінше көңіл бөлуде. Кәсiпорын осыған сәйкес, шұжық өнiмдерiнiң түрiн көбейттi. Алдағы кезде «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне де үлкен жаңалықпен бармақшымыз. Мәселен, күркетауық етiнен қазы жасап, оны «Премьерская колбаса» деп атадық», - М.Тағаев.

Соңғы жаңалықтар