ОҚО-да көші-қон заңдылығын бұзған 2 мыңға жуық шетелдіктің ісі сотқа жолданған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы көші-қон заңдылығын бұзған 2 мыңға жуық шетелдіктің ісі сотқа жолданған. Заңбұзушылыққа жол берген 763 келімсек ел аумағынан шығарылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты өткен жылы атқарған жұмыстарын қорытындылап, баспасөз мәслихатын өткізді. Сот төрағасы Әбдумүтәліп Бектұрғановтың сөзінше, бір жылда көші-қон заңдылығын бұзған 808 шетелдік қамауға алынып, 315 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды. Заңбұзушылыққа  жол бергендердің жартысына жуығы көрші өзбек елінің азаматтары екен. Сондай-ақ, 525 ауғандыққа қатысты шара қолданылған.
null  

«Қазіргі таңда көші-қон заңдылығына қатысты істерді қарау мәселесі маңызды болып тұр. Мәселен, өткен жылы шетелдіктерге қатысты 2 мыңға тарта әкімшілік іс қозғалған.  Негізінен келімсектер біздің елге заңсыз жолдармен келеді, ешбір құжатсыз жұмыс істейді»,- дейді сот төрағасы.

Бұдан бөлек, сот 9014 іс бойынша әкімшілік жаза қолданып, 3156 кінәлі тұлға қамауға алынған. 3837 азаматқа қатысты  айыппұл салыныпты. Заңбұзушылар қатарында жол ережесін бұзған жүргізушілер мен қоғамдық тәртіпті сақтамағандар да бар. Мәселен, 1214 жүргізуші куәлігінен айырылса, тағы  27 азаматқа қатысты сот шешімі шыққан.  

Соңғы жаңалықтар