ОҚО-да көп балалы аналарға «Алтын алқа» табыс етілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының көп балалы аналарына «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табыс етілді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің сайтында хабарланды.

«Алтын алқамен» 11 ана марапатталды, ал «Күміс алқаға» 61 ана лайық деп танылды.

Жұлдыз ауылдық округінен 28 жастағы О. Бабаева «Алтын алқаның» ең жас иегері, 1923 жылы туылған Қарасу ауылының тұрғыны Г. Сәрсембаева ең егдесі атанды. Медальдарды Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі Б. Танакөзов табыстады.

Соңғы жаңалықтар