ОҚО-да Конституция күніне орай 180 тәртіп сақшысы марапатталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінде ҚР Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Аталған іс-шараға департаменттің басшы және жеке құрамы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Мерекелік шара барысында департамент бастығы, полиция полковнигі Жанат Сулейменов жеке құрамды Ата заңымыздың қабылданған күнімен құтықтап, 180 полицейді Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ Ішкі істер министрінің бұйрығымен өз қызметін адал атқарып, жедел қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 16 қызметкерге «Үздік қызметі үшін» медалі мен грамоталар тапсырылды.

null

Жиын соңында тәуелсіз Қазақстан туралы және демократиялық мемлекеттің дамуында Конституцияның рөлі турлалы деректі фильм көрерменге ұсынылды. Салтанатты іс-шара соңы эстрадасы жұлдыздарының концертіне ұласты.
nullnull

Соңғы жаңалықтар