ОҚО-да көктемгі егістіктен 86 мың тонна қырыққабат экспортталған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев кезекті жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болды. Елбасы міндеттеген тапсырмалар мен мемлекеттік бағдарламалардың  ауданда жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында үш бірдей шаруа қожалық пен бір кәсіпорынның және тұрғын үй құрылысының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған аданда облыс әкімі 2 гектар жерге қырыққабат еккен «Сүндет ата» шаруа қожалығына барып, шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Қожалық иесі Әділбек Байболатов аймақ басшысына көкорамның фаравон сортын екі гектар аумаққа еккенін, ал өткен жылы аталған егістіктен 140 тонна өнім алғанын мәлім етті. Бүгінде 8 адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылық өнімдерін жергілікті нарықтан бөлек, Солтүстік аймақтар мен Алматы, Астана қалаларына жөнелтіп отыр. Қожалықтың жұмысын аралап көрген аймақ басшысы бүгінгі күнге  өңір диқандары 112 мың тонна қырыққабат жинағанын,  оның ішінде 86 мың тонна болатын өнім сыртқы нарыққа шығарылғанын атап өтті.

 «Қазіргі уақытта облыста осы ерте мерзімдік көкөністердің орнына басқа дақылдарды егу жұмыстары жүргізілуде. Көктемгі егістіктен жиналған өнімнің 105,7 мың тоннасы экспортқа шығарылған. Оның ішінде 64,7 мың тоннасы Сарыағаш ауданының еншісінде екен. Бұл әрине ерте көктемнен тынбай еңбек етіп отырған еңбекқор шаруалардың жемісі деп білеміз»,-деді Жансейіт Түймебаев.

nullБұдан кейін облыс әкімі Жаскешу  елді мекеніндегі жылыжай шаруашылығымен айналысатын «Роза» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Серіктестіктің төрағасы Жақсылық Дүйсебаевтың айтуынша, 1 гектар аумаққа тамшылатып суғару әдісі арқылы қызанақ еккен. Озық технологияның арқасында шаруа өткен жылы 60 тонна өнім жинағанын айтады.

 Жалпы, бүгінде өңірдегі  жылыжайдың  көлемі 1325 гектарға жетіп, республикалық үлестің 80 пайызын құрап отыр. Оның  663 гектары, яғни 50 пайызы Сарыағаш ауданына тиесілі. Сапар барысында облыс әкімі Ақжар елді мекеніндегі «Агро Фуд Қазақстан» ЖШС-нің жұмысын да аралап көрді. Екі жыл бұрын жұмысын бастаған серіктестік 250 гектар аумақта интенсивті бау егумен айналысып келеді. Қазіргі таңда 130 адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылық баудан 60 тонна алма өнімін алуды жоспарланып отыр. Мұндай көрсеткіш оңтүстік өңірінде бұрын-соңды болмағанын айтқан аймақ басшысы облыста қарқынды баудың санын көбейту арқылы  алма импортын азайтып, экспортты ұлғайтуға болатынын атап өтті.

«Баудан алдағы уақытта 60 тонна алма өнімін алу жоспарланып отыр екен. Облыстағы орташа көрсеткіш 15 тонна екенін ескерсек,  мұндай өнім оңтүстік өңірінде бұрын-соңды болмаған. Қазіргі таңда интенсивті бауда 22 гектарға шие, 13 гектарға өрік, 70 гектарға шабдалы, 92 гектарға алма көшеті егілген. Бұл өңірдегі ірі жобалардың бірі. Сондықтанда осы серіктестіңтен тәжірибе алмасып, арнайы мамандармен жұмыс істеп, осындай бауларды көбейтуіміз керек» - деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар