ОҚО-да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысқандарға 4,5 млн. теңге сыйақы төленді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысқан 218 азаматқа сыйақы ретінде 4,5 млн. теңге төленді.

Бұл туралы «Қауіпсіз қала - Шымкент» жобасының атқарылу барысын қортындылаған өңір прокурорлары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Прокурорлар жобаның  аясында шым шаһардағы  қылмыстылық көрсеткіш 19 пайызға төмендегенін айтады. Оған тек құқық қорғаушылар емес, қарапайым халық та атсалысқан. Мәселен, әрбір мөлтекауданда полицияның ерікті көмекшілері топтары құрылып, олар аула, көше, көпқабатты үйлерде кезекшілік жасаған.

«Жоба іске асырылған уақыттан бастап халықпен 50-ден астам кездесу, көшелерге 12 баннер, телеарналарда, кинотеатрларда және ЛЭД жарнамаларында 5 түрлі видеоролик көрсетуге ықпал жасадық. Интернет желілеріндегі Фэйсбук, Твиттер аккаунттерінде құжаттар, жергілікті газеттерде басылымдар шығарылып жатыр. Қазіргі таңда қалада жедел басқару орталығына (ЖБО) қосылған 242 бейнебақылау камераларымен ауысыммен істейтін 8 қызметкер жұмыс атқарады. Осы жылы ЖБО-ға тағы 204 камера қосылмақ»,- дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Н.Сейдалиев.

Шымкент қаласындағы қылмыстылықты төмендету мақсатында бірқатар іс-шаралар іске асырылуда, оның ішінде қаланы әрбір 10-100 мың адам тұратын секторға бөліп, жауапты лауазымды тұлғаларды бекіту, бұл іс-шара нақты сектордың әлеуметтік-тұрмыстық, криминогендік және басқа да проблемаларын мониторингілеуге  және қылмыстықтылықтыың алдын алуға оңды септігін тигізеді дейді прокурорлар.

Бүгінде  қаладағы қылмыстық ахуалы нашар мөлтекаудандардағы жалдамалы пәтерлерде тұрғындар тыныштығы жиі бұзылатыны, әдепке қайшы сипаттағы іс-әрекеттер орын алатыны анықталды. Сондай-ақ мөлтекаудандарда пәтер және автокөліктерден ұрлықтар басым екендігі белгілі болды.  Осы мәселені шешу мақсатында облыс әкіміне көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандарда паркингтер салу ұсынылып отыр.

Соңғы жаңалықтар