ОҚО-да керамикалық жабынқыш шығарылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда керамикалық жабынқыш шығаратын болады.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақта керамикалық жабынқыш пен кірпіш блоктарын шығару зауытын салу жоспарланып отыр. Жоба Ордабасы ауданындағы «Бадам» индустриялық аймағының аумағында іске асырылмақ. Кәсіпорынды салу бойынша жобаны грек инвесторлары жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Олар өнімді Италия компаниясы шығарып отырған құрылғымен шығармақшы. Бұл туралы инвесторлар бүгін облыстық әкімдікте келісті.

Инвестициялардың жалпы сомасы 26,1 млрд. теңгені құрайтыны, жобаның 2016 жылдың соңына дейін іске асырылатыны нақтылануда. Зауытқа 255 адам жұмысқа тұра алады. Онда шығарылатын өнімнің 80 пайызы ел қажеттілігін өтеп, ал қалған 20 пайызы көрші елдердің нарықтарына жіберілуі жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар