+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ОҚО-да Қажымұқан Мұңайтпасовтың шаңырағы шағын музейге айналды

2017 жылғы 10 сәуір 13:13
Бөлісіңіз:
ОҚО-да Қажымұқан Мұңайтпасовтың шаңырағы шағын музейге айналды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында күш атасы Қажымұқанды пір тұтатын жерлестері Отырар ауданындағы тұрған шаңырағын шағын музейге айналдырды. Бұл шара Қажымұқан Мұңайтпасовтың 146 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Талайды тамсандырған алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасов Отырар жеріндегі Ақтөбе ауылындағы осы шаңырақта өмірге келген. Кейіннен отбасы мүшелері Ақмола облысына көшіп кеткен. Онда біраз жыл тұрып, оңтүстікке оралған. Осы үйді паналапты. Қайтыс болар шағында Ордабасы ауданындағы қазіргі Қажымұқан елді мекенінде өмір сүріп, сонда жерленген. Алайда Ақтөбедегі баспана сол күйі қараусыз қалыпты. Ауылдағы мектеп директоры мен туыстары Қажымұқанның үйіне бас-көз болып қарап, осы уақытқа дейін сақтап келгенін айтады.
nullnullnullnull

«Біз осы ауылдың азаматтары бастап, мына үй ауылдың шетінде қалып қоятын болды деп жүріп, осы үйді музей қылып отырмыз. Есімде, мен оның балаларымен қатар ойнағанмын. Кәдімгі дәу адам болатын»,- деп еске алады Ақтөбе ауылының тұрғыны Нышанбай Сүлейменов.

Ескі шаңырақта күш атасының 1936-47 жылдары пайдаланған заттары сақтаулы. Оны мектеп директоры ауыл тұрғындарынан сұрап алып, жинақтаған. Мұражайда күш атасының ат жегіп, мініп жүрген арбасы да бар.
nullnull

«Біз сол арбаның қалдықтарын үйді үйлерден сұрап жүріп, осы жерге әкеліп қойдық. Ауыл азаматтары әлі күнге дейін айтып отырамыз. Ондай адамдарды қанша мақтасақ та, қанша құрметтесек те, артық етпейді», - дейді ауыл тұрғыны Әмірбек Есентаев.

Шағын музей бүгінде жөндеуді қажет етеді. Жергілікті азаматтардың өтінішімен, қазір, осы аумақты туристік орталыққа айналдыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ауыл тұрғындары осы жұмыстардың аясында шағын мұражай ретке келтіріліп, оны шетелдік меймандар тамашалайды деген үмітте.

nullnullnullnullnullnullnullnull

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT