ОҚО-да Қазақстан полициясының 25 жылдық мерекесінде полицейлердің шеруі болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты шарада үздік тәртіп сақшылары марапатталып, төсбелгі тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Қазақстан полициясы күніне орай өткізілген салтанатты іс-шара Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қоюмен бастау алды. Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған жерлестерді үнсіздікпен еске алды. Қызмет бабында қаза болған полицейлердің туыстары мен жесірлеріне гүлдер мен естелік сыйлықтар ұсынылды. Облыс әкімінің орынбасары Дархан Сатыбалды тәртіп сақшыларын төл мерекесімен құттықтап, полицейлерге грамоталар мен алғыс хаттар табыстады. Одан соң департамент бастығы Жанат Сүлейменов еліміздің Ішкі істер министрлігінің атынан полиция ардагерлеріне құрмет грамоталарын берді. Сондай-ақ, департамент атынан «Қазақстан полициясына - 25 жыл» мерекелік медалін облыс әкімінің орынбасарына, мәслихат депутаты мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне тапсырды.
Тәртіп сақшылары шақырылған қонақтарға арнайы техникалары мен жарақтарын көрсетіп, Даңқ мемориалы алдында саптық шеру ұйымдастырды. Оңтүстікқазақстандық полицияның құрылуы мен қазіргі күнге дейінгі жеткен жетістігі жөнінде деректі фильм көрсетілді.
Мерекелік іс-шара Қазақстанның эстрада жұлдыздары мен талантты полицейлердің қатысуымен өткен концертпен жалғасты.

nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар