ОҚО-да Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өтті

None
None
 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында іскерлік қарым-қатынасты дамыту мақсатында Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы бастау алып, оның аясында алғаш рет Іскерлік Кеңестің бірінші кездесуі болып өтті.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен форум барысында тараптар бірлескен бизнес жобалар мен инвестициялық ұсыныстар жайында ынтымақтастықты дамытуды, экспорт пен импорт бойынша үшінші елдерге кіру жайын талқылады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

null  Форум жұмысына екі елдің елшілері Ерік Өтембаев пен Саидикрам Ниязқожаев, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев пен Өзбекстан Республикасының сыртқы сауда министрінің орынбасары Сохиб Саифназаров, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен  Өзбекстандағы сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов және  қос елдің 400-ден астам кәсіпкері қатысты.

null Іскерлік жиында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі басқосу бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретінінін атап өтті.

null «Қазақстан мен Өзбекстан - өздерінің тәуелсіздіктерін нығайтып, болашаққа батыл қадам жасап келе жатқан мемлекеттер. Өткен жылдарда қос тараптың дипломатиялық қатынастары өзара сенімге негізделе отырып дамыды. Бұл бағыттағы жұмыстар бүгінде жаңаша қарқын алып, уақыт талабына сай жалғасын табуда. Өзбекстан Республикасы Орталық Азиядағы Қазақстанның негізгі стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. Мәселен, өткен жылы екіжақты сауданың көлемі 30 пайызға артып, 2 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал екі елдің көшбасшылары биылғы жылы сауда айналымын 3 миллиард долларға арттыруды, 2020 жылға қарай 5 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайтуды тапсырды. Сондықтан қазіргі таңда екі елдің кәсіпкерлеріне нақты қолдау көрсету маңызды. Бүгінгі іс-шара осы айтылған міндеттемелерді жүзеге асыруда септігін тигізері анық. Бұл өзара ынтымақтастыққа және екі ел арасындағы берік бауырластық қатынастарды орнатуға бағытталған тағы бір қадам»,-деді облыс әкімі.

null Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық қатынас қарқынды дамып келеді. Мәселен, өткен  жылдың қорытындысы бойынша екі елдің тауар айналымы 11,7 пайызға артты. Ал осы жылдың соңғы үш айының көрсеткіші бойынша ОҚО мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 125,7 млн АҚШ долларын құрап отыр. Сонымен қатар, Оңтүстіктен Өзбекстанға 73,1 млн АҚШ доллары болатын өнім  экспортталса,  ол жақтан бізге 52,5 млн  АҚШ доллары көлеміндегі тауар импортталған.

Бүгінгі форумның басты идеяларының бірі өнімдерді ең ірі әлемдік нарықта, соның ішінде Қытай мен ЕЭО-да бірлесіп шығару және жылжыту болып табылатынын айтқан ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әубәкіров аймақтық ынтымақтастық форумын тұрақты негізде өткізу туралы ұсынысын жеткізді. Ал аталған ұсынысты Өзбекстан тарапы бірауыздан қолдады.

nullБизнес-форум кезінде екі ел кәсіпкерлерініӊ қатысуымен В2В форматында келіссөздер жүріп, бірқатар бағытта іскерлік әріптестікті дамыту мақсатында екіжақты құжаттарға қойылды. Қатысушылар өзара іс-әрекеттер жақын болашақта өз нәтижесін береріне сенім білдірді. Сонымен қоса форумға қатысушылар отандық тауар өндірушілер ұсынған өнімдер көрмесін тамашалады.

nullАйта кетейік, қазіргі уақытта өңірде  өзбек капиталымен инвестициялық жобалар іске асырылуда. Мәселен, өткен жылы Бадам индустриялық аймағында газ плиталарын өндіру бойынша цех ашылды. Бұдан басқа, Шымкенттегі индустриялық аймақта инвестиция көлемі 8,6 млн АҚШ доллары болатын битум зауыты салынып жатыр. Облыста  осындай жобаларды жүзеге асыру үшін жалпы ауданы 959 га қамтитын 11 индустриалды аймақ, сондай ақ  «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ пен Көлік және логистика аймақтары ашылған.

Соңғы жаңалықтар