ОҚО-да кәсіпкерлерге индустриялды аймақтан 74,5 гектар жер бөлінді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да кәсіпкерлерге индустриялды аймақтан жер телімі бөлінді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бизнесін бастағандарға осы аймақтан 74,5 гектар жер беру мақсатында 10 қаулыға қол қойды, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Оңтүстіктің инвестициялық тартымдылығын арттыру және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өңірде 11 индустриялды аймақ құрылған. Аталған индустриялды аймақтарда бүгінде құны 199,2 млрд. теңгені құрайтын 170 жоба іске асырылуда.

Сонымен қатар, бұл аймақта құны 8,6 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Төлеби ауданындағы индустриялды аймақта күн электр станциясын салу жоспарланған. Ол үшін аймақтан көлемі 30 га болатын жер учаскесі бөлінді. Сондай-ақ, қабырға тасын өндіру үшін Сарыағаш ауданынан 18,5 га, ал индустриялды аймақтардан құрылыс материалдарын өндіру, шыны өңдейтін зауыт құрылысын салу, кеңсе жиһаздарын өндіру цехы үшін жалпы көлемі 26 га жер учаскесі пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар