ОҚО-да қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы лауазымына Абдрахман Батырбекұлы Тасыбаев тағайындалды.

Жаңа басшы 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Абдрахман Батырбекұлы 1977 жылы 4 мамырда туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-экономист. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының  бас маманы болып бастаған. 2002-2011 жылдары ОҚО қаржы және коммуналдық меншік департаментінің бөлім бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының  бас инспекторы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқарма бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты  тексеру  комиссиясының  бөлім  меңгерушісі лауазымында еңбек еткен.

Соңғы жаңалықтар