ОҚО-да із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткен табылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында  бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы бойжеткен табылды. Ол тұрмысқа шығуына қарсы болған ата-анасынан қашып, сүйіктісімен бірге тұрып жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Қыздары жоғалып кеткен соң, ата-анасы полицияға арыз түсірген. Тәртіп сақшылары бірнеше күн іздестіру шараларын жүргізіп, қызды Шымкенттегі пәтерлердің бірінен тапқан. Тергеу барысында жасөспірім қыз ата-анасының тұрмысқа шығуына қарсылық білдірген соң осындай әрекетке барғанын айтыпты. Сондай-ақ сүйіктісінің өзін ұрламағанын жеткізіпті. Қазір осы жәйтке қатысты Қылмыстық кодекстің 126-бабы «Бас бостандығынан заңсыз айыру» бойынша іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде.

Сайрам аудандық ІББ мәліметінше, жыл басынан бері ауданда үйлену мақсатымен 17 қызды ұрлау дерегі тіркелгенін айтып отыр. Алайда барлық жағдайда тараптардың татуласуына байланысты істер қысқартылып кеткен. 

Соңғы жаңалықтар