ОҚО-да істі болған азамат депутаттыққа үміткерлер тізімінен алынып тасталған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті мәслихаттағы бос орындарға депутат сайлауы қорытындыланды. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиевтің айтуынша, барлық сайлау комиссияларына азаматтардан арыздар мен шағымдар түспеген. Тек №11 облыстық сайлау округінде бес үміткердің төртеуін кандидаттықтан алып тастауға байланысты сайлау тоқтатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.


Саяси науқанға әу баста 15 үміткер өтініш тапсырған. Бірақ, кейбірі сайлау күні жақындағанда өз өтінішін кері қайтарып алыпты. Сондай-ақ бірқатарының құжаттары дұрыс толтырылмаған. Сол себепті, облыстық сайлау комиссиясы бірқатар үміткерлерді тіркеуден шығарған. Мәселен, №11 сайлау округі бойынша үміткерлер өз еркімен және сайлау туралы декларацияда дұрыс ақпар көрсетпегені үшін алынып тасталған. Сондай-ақ тағы бір үміткердің бұрын істі болғаны анықталды.
null 

«Облыстық №11 сайлау округі бойынша бес үміткердің төртеуі кандидаттықтан алынып, 23 наурыз күні бұл округ бойынша  сайлау өткізбеу туралы шешім қабылданды. Істі болған үміткерге тоқталсақ, Бақытжан Көпбаевтың үстінен аудандық сотқа Абай Пірәлиевтен арыз түскен. Ол арызында үміткердің 2001 жылы сотталғанын көрсетіпті.  Кейіннен комиссия мүшелері бұл арызды тексере келе, Бақытжан Көпбаевтың расымен де сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін төрт жылға сотталғанын анықтады. Екі жылы алынып тасталған. Екі жылын өтеп шығыпты. Заң бойынша сотталған азаматтың депутаттыққа сайлануға құқы жоқ болғандықтан ол үміткерліктен алынып тасталды»,-деді Әлібек Өмірәлиев.
 

Ал, облыстағы  №25 және 31 облыстық округтері бойынша сайлау заң талаптарына сай өткізілген. Мақтарал ауданы бойынша 80 пайыз дауыспен Нұрлан Омаров, Сайрам ауданы бойынша Бекасыл Төлендиев облыстық мәслихаттың депутаттары болып сайланды. Қалалық мәслихаттарға да халық қалаулыларын таңдау өз деңгейінде жүргізілген. Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының сөзінше, осы округтер бойынша 77 мың сайлаушы тіркелген болса, олардың ішінде Мақтарал мен Сайрам аудандарындағы тұрғындар белсенді түрде қатысқан. Мәселен, Мақтарал ауданында      86,9, Сайрам ауданында 88,9 пайыз дауыс берсе, Сайрамдағы №3 сайлау округінде сайлаушылардың 96 пайызы үміткерін таңдауға келген. 
 

Соңғы жаңалықтар