ОҚО-да ішімдік ішіп, жеткіншекті зорламақ болған педофил сотталды
2017 жылғы 23 ақпан 15:58

ОҚО-да ішімдік ішіп, жеткіншекті зорламақ болған педофил сотталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ішімдік ішіп, жеткіншекті зорламақ болған педофил сотталды. Облыстық сот 50 жастағы айыпталушыны ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Келеңсіз оқиға өткен жылдың 22 қыркүйегінде болған еді. Мақтарал ауданының тұрғыны көршісінің үйінде ішімдік ішеді. Сол кезде көршісінің екі қызы кіріп шығып жүріпті. Әкелері сыртқа шығып кеткен кезде педофил кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің бөлмесіне баса көктеп кіріп, 13 жасар қызға сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Қарсылық танытқан жасөспірімге тіпті күш көрсетіпті. Артынан ешкімге айтпа деп 150 теңге ұстатып, үйіне кетіп қалған.

Болған оқиғаны жеткіншек анасына айтып береді. Осыдан кейін күдікті қамауға алынып, тергеу барысында оның қылмысы толығымен дәлелденді. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Мадалиев айыпталушыны Қылмыстық Кодекстің 121 бабының 4-бөлігімен кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қылмыскер жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.

«Алайда айыпталушы мұндай үкіммен келіспей облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасына шағым түсірді. Сот отырысы барысында оның расымен де 13 жасар қызға сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны дәлелденді. Осыған орай сот алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот үкімі күшіне енді»,- деді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Қанат Жүнісов.

Jańalyqtar

MURAǴAT