ОҚО-да интенсивті бақ көлемі 8 мың гектарға ұлғайтылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында интенсивті бақ 8 мың гектарға ұлғайтылады. Аграрлы аймақ болып табылатын өңірде егіс көлемі осы жылы 72,4 мың гектарға ұлғайтылып, 861 мың гектарға жеткізу жоспарлануда, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Ауа райы жылы аймақта интенсивті бақ, жылыжай, жаңғақ шаруашылықтарын дамыту жұмыстары да белсенді түрде жүргізілетін болады. Мәселен, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам аудандарында қарқынды алма мен жаңғақ бауларын, ал Шымкент қаласы мен Сарыағаш ауданында жылыжай кешені агроаймақтарын қосу көзделуде.

Дәстүрлі баулардың гектарынан орташа 5-10 тонна өнім алынса, интенсивті бақтардан 50-60 тонна өнім жинауға мүмкіндік бар. Осыны ескерген диқандар жаңа технология бойынша бақларды көбейтуді көздер отыр.

Яғни, осы жылы интенсивті бақтардың көлемі 8 мың гектарға ұлғайса, жаңғақ көшеттері 2,5 мың гектарға егілетін болады. Ал, жылыжайлар қосымша 1 177 гектарға салынып, жалпы аумағы 2 300 гектарға жетеді. Сонымен бірге тамшылатып суару әдісі бойынша егістіктер 44 мың гектарға артады. Осы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемі 1,4 есеге артып, оны 624 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Экспорттың үлесі 22 пайыздан, 35%-ға көтеріледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар