ОҚО-да Индустрияландыру картасы аясында 20 жоба іске асырылады - Түймебаев

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы Индустрияландыру картасы аясында  20 жоба іске асырылады.  2020 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,1 трлн. теңгеге жетпек.

null
Бұл туралы аймақ басшысының халыққа есеп беру кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың сөзінше,  өнеркәсіп саласы бойынша орташа есеппен нақты көлем индексінің өсімі жыл сайын 2-3 пайыз деңгейіне жетуі жоспарлануда. Осы мақсатта Индустрияландыру картасы аясында   2017-2020 жылдары 91 жоба іске қосылуы керек.
null  

«Елбасы биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа өндіріс ошақтарын құрумен қатар, дәстүрлі өнеркәсіптің басым салаларына ерекше көңіл бөліп отыр. Мұнда  бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту міндеттері қойылды. Осы мақсатта, облыс экономикасына 1 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылады»,-деді өңір басшысы.
null  

Жоспарға сәйкес, инвестиция көлемі 580 млрд. теңгені құрайтын «Петро Қазақстан Ойл Продактс»  мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен 5,5 млрд. теңге инвестиция тартылатын «HILL Corporation» ЖШС-нің пайдаланған майларды регенерациялау жобасы қолға алынбақ. Сонымен қатар,  20 млрд. теңгеге «Шымкентцемент»  зауытын жаңғырту, 3,5 млрд теңгеге «Azala Fabric» ЖШС-нің дайын тоқыма бұйымдары өндірісін кеңейту мен инвестиция көлемі 19,8 млрд. теңге болатын «Шымкентская химическая компания» этил трет-бутилді эфирінің және полипропилен өндірісін шығаратын кәсіпорын мен мұнай өңдеу «Standart Petroleum&Co» зауыттарына инвестиция тартылады. Оның көлемі 21,8 млрд. теңге болса, іске асыру мерзімі 2020 жылға жоспарланған.

Осылайша, ел экономикасының өсімі жеделдеп, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсаратын болады,- деді облыс әкімі.  
null  

Соңғы жаңалықтар